Жулдыз Бейбитовна Жумбаева
1991 жылы Павлодар облысының Ақтоғай ауданы, Барлыбай ауылында дүниеге келген.
2011 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының колледжін «Информатика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдады, 2011-2014 жылы ПМПИ-да «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша жоғары білім алды.
2012ж. – Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы Харьков орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі.
2012-2013 ж.ж. – Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Агрономия орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі.
2014-2023 ж.ж. – Павлодар қаласы № 120 сәбилер бақшасының тәрбиешісі.
2023-2025 ж.ж. – Павлодар қаласы № 46 сәбилер бақшасының тәрбиешісі.
2025 жылдың 25 тамыз айынан бастап Павлодар қаласы № 37 сәбилер бақшасының басшысы м.а..
Кәсіби қызметте өзін білікті маман, бастамашы және шығармашыл тұлға ретінде көрсетті.
Жулдыз Бейбитовна мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие берудің теориясы мен әдістемесін меңгерген, білімді маман. Тәрбиелеу мен оқытудың тұлғалық-бағдарлау технологиясын меңгерген. Тәрбиелеу процесінде тұрақты және жағымды нәтижелермен қамтамасыз ету, жұмысына жауапкершілікпен қарайтын, балаларға мейірімін төге білетін, үнемі ізденіс үстінде жүретін, кәсіби біліктілігі жоғары маман ретінде танылып жүр.
Марапаттаулар:
Облыстық «Үздік оқу-әдістемелік құрал» байқауына қатысқан үшін грамота (2019)
Облыстық «Педагогикалық шеберлік» конкурсының өңірлік кезеңінде 3 орын алған үшін диплом (2020)
«BILIM QAZAQSTAN» білім орталығымен ұйымдастыруымен өткен «Бірінші байлық-денсаулық атты балабақша тәрбиешілері арасындағы эссе байқауы 1 дәрежелі Диплом «2020)
Облыстық деңгейде бейнесабақтар құрастыру тәжірбиесімен бөлісіп, кәсіби құзіреттілігін танытқан үшін сертификат (2021)
«Балалардың тілдерін дидактикалық ойындар арқылы дамыту» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізген үшін сертификат (2021)